Қызылордада шенеуніктер өз бетінше әрекет еткені үшін жазаланды

Сағыныш Сардарова 01 сәу. 2026 15:15

Қызылордада шенеуніктер инвесторларға заңсыз айыппұл салғаны үшін жазаланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Арал ауданында Мемлекеттік кірістер басқармасы прокурордың міндетті келісімінсіз инвесторды ӘҚБтК-нің 279-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Осыған ұқсас заңбұзушылықтар Жаңақорған ауданында да тіркеліп, инвесторға бес әкімшілік іс бойынша заңсыз айыппұл салынған.

Прокуратураның наразылығы негізінде заңсыз шешімдердің күші жойылды.

"Заңбұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға әкімшілік істер қозғалды. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін олар ӘҚБтК-нің 173-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мұндай әрекет үшін 100 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove