Қызылордада жігітті бір топ жасөспірім соққыға жыққан

Сағыныш Сардарова 19 ақп. 2026 16:15

Қызылордада жігітті бір топ жасөспірім соққыға жыққан, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқиға 18 ақпанда сағат 21:00 шамасында болған. Куәгерлердің айтуынша, бір топ жасөспірім жалғыз жігітке тап беріп, оны соққыға жыққан. Оқиғадан кейін олар ізін суытқан.

Қызылорда облысы Полиция департаменті мәліметінше, бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Оқиғаға қатысушылар жедел түрде анықталып, полицияға жеткізілді. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатыны айтылды. Қылмыстық істі тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove