Қызылорда облысында ішімдіктен бас тартқан ауыл көбейген

Көркем Алдабергенова 12 қар. 2025 15:17

Қызылорда облысында ішімдіктен бас тартқан ауыл көбейген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өңірдің 18 ауылы алкоголь өнімдерін сатудан бас тартқан. 

Бұдан бөлек, 107 кәсіпкермен меморандумға қол қойылды (мейрамханалар мен дүкендерде алкоголь сату уақыты шектелді), нәтижесімен соңғы 3 жылда 35 елді мекенде бірде-бір қылмыс тіркелмеген.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда ішімдік сатуға қатысты бірқатар ұсыныс жасалған болатын. 

Ішкі істер министрлігі елде ішімдік сату тәртібін қатаңдатуды ұсынды. Бұл туралы Үкімет сағатында министр Ержан Сәденов айтты.

Министрдің сөзінше, ішімдік - елдегі қылмыстардың негізгі себептерінің бірі. Жыл сайын мас күйінде шамамен 10 мыңға жуық қылмыс жасалады.

Министрлік мынадай шараларды қарастырып отыр:

  • Интернет арқылы ішімдік сатуға толық тыйым салу;

  • Ішімдікті тек арнайы дүкендерде сату;

  • Лицензия беру талаптарын күшейту және олардың санын шектеу.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар