БАҚ-та тараған мәліметтер бойынша, екі мұғалім қысқы каникул кезінде Түркияға барып, трансвеститтерге арналған клубқа барып, артынша әлеуметтік желіге видеоны жариялап жіберген.
Артынша Желіде бұл жайтқа қатысты резонанс туып, мұғалімдер жұмыстан қуылған. Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі пікір білдірді.
"Басқармаға қарасты Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы №250 мектеп-лицейінде жұмыс жасаған мұғалімдер ақысыз демалыс алған күндерінен бөлек, 2-5 жұмыс күндері аралықтарында белгісіз себептермен, ескертусіз жұмыстан қалған. Сол себепті ҚР Еңбек кодексінің 49 бабы, 5 тармағына сәйкес өз арыздарымен жұмыстан босатылғандығын жеткіземіз", - делінген жауапта.