Қызылорда әкімдігі жол жөндеу барысында заң бұзған

Қаракөз Амантай 03 жел. 2024 16:10 480

Қызылорда қаласының әкімдігі жол жөндеу жұмыстарын бастар алдында тиісті хабарлама жібермегені белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Прокуратураның мәліметінше, заңға сәйкес, құрылыс-монтаж жұмыстары басталмас бұрын тапсырыс беруші мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына бұл туралы хабарлауға міндетті. Бұл талап "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңның 68-бабының 12-тармағында және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңда көрсетілген.

Алайда қала әкімдігі Қызылорда облысының бақылау басқармасына алдын ала ескерту жасамай, төрт көшеде жөндеу жұмыстарын бастаған.

"Қадағалау нәтижесінде лауазымды тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оларға 25 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды", – деп хабарлады прокуратура.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар