Қызғаныш

Dalanews 26 мам. 2015 00:17 3762

Әр адам өмірінде бір рет болса да қызғанышқа бой алдыратыны рас.  Қызғаныш – өте күшті сезім. Ол бақылау мен қадағалауға илікпейді. Оны құрықтау қиын. Ол тек жағымсыз толқу және көңілсіздікпен үндеседі. Қызғаныш не береді? Неге адамдар бір-бірін қызғанады?

Сүйіктімді жоғалтым алам ба деген қорқыныштан ба екен? Әлде тым қатты өзімсінгеннен қызғанады ма? Мүмкін қызғанышты қашып құтыла алмайтын құбылыс деп қарастырып, оны махаббаттың егізіндей қабылдасақ ше? Неге қызғаныштың шамасы тек қиратып-жоюға ғана келеді? Неге қызғаныш сезінген адам рухани күйрейді?

Қызғаныштан құтылуға бола ма? Қалай құтылады? Әр адам өз сүйіктісінің жалғызы және бірегейі болғысы келеді. Бір қарағанға табиғи сұраныс іспетті. Егер сені біреу өзге адам үшін жақтырмаса, күнің қандай болмақ? Қызғаныш нақты себеп туған сәтте пайда болады. Екі жанның бір-бірін қызғанышпен қинауы жиі кездесетін жайт. Олар себепсіз қызғана береді. Негізі олар қызғанышты қалай жеңуге болатындығын білмегендіктен ішіндегі запыранды бір-біріне төгумен болады. Қызғаныштың салдарынан өзара қарым-қатынас ширыға түседі.

Қызғаныш әдетте өзіне, не серігіне сенбегеннен туындайды. Қызғаншақтар өзін, не серігін өзгемен салыстырғанды жақсы көреді. Бар қиындық осыдан басталады. Өзін төмен санаған адам қызғаншақ келеді. Қызғаныштың басты себебі осы ойдан басталады. Қызғаншақтардың барлығының белгісі – өзін төмен санауы. Өзіне сенімсіз адам «менен артық болғаны үшін оны ұнатады» деген оймен өмір сүреді.

Кез келген қызғаныш – адамның жанын жегідей жейтін құрт. Ол қарым-қатынасты дағдарысқа ұшыратады. Адамгершілікті күйрететін сезім. Қызғаныш махаббатқа қарсы сезім. Махаббат – сүйіспеншілікке, сыйластыққа, сенімге негізделеді. Нағыз махаббатта ешбір шарт болмайды.

Егер өткен өміріне қызғаныш білдірсеңіз, онда сіз бұның алдындағы өзіңіздің қарым-қатынасыңызды тәмамдай алмай кеткеніңіз. Алдыңғы махаббатты терең түйсінбегеніңіз. Қызғаныштың бекер екенін түсінбегендіктен ол тағы да жаңа қарым-қатынасқа кедергі келтіреді, өзіне де зиянын тигізеді.

Сондықтан қызғаныш орын алған қарым-қатынасты тереңіне дейін үңіле отырып, себептерін зерттеу керек. Қателікті түсіну маңызды. Бұйырмаған махаббатты өткен өмірде қалдырған абзал. Бүгінгі өмірді сол қалпы қабылдап үйрену қажет. Ал, қиялыңыздағы бос қауіп-қатерді желге ұшырыңыз. Әрбір әрекетке, сезімге, ойға жауапкершілік алу керек. Сонда адам өзімен-өзі болып, еркін өмір сүреді.

Асыл жардың бұлжытпай орындайтын 10 қағидасы

Ер адамның психологиясы үнемі өзгерістің болуын талап етеді. Егер ер-азаматыңызды шынымен бағаласаңыз, сүйген жанды қашырып жіберетіндей әрекеттерден аулақ болыңыз. Психологтар «бұрыс әрекеттердің» 10 түрін теріп, тізімдепті, біле жүргеннің артығы болмас:

  1. Ең қатты әсер ететін арандатқыш – текке айғайлау мен ақыл айту. Егер осындай жағымсыз әркеттерге бой алдырсаңыз, сізді ешкім естімейтінін ескере жүрсеңіз. Ал, өзіңіз текке ашуланшақ болып таусыласыз. Сүйіктіңіздің әр қылығына үнемі наразылық білдіре беру, өмірге қанағатсыздық таныту екеуара сезімді тез жояды.

  2. Сүйіктіңіздің жанынан тәулігіне 24 сағат табылу шарт емес. Сіздің қасыңызда болғанда ол балық аулағысы, досымен кездескісі, футболға барғысы және осылай жалғаса беретін басқа жаққа көңілі ауып тұрады. Өзін жақсы сезінетін, өзгемен бөлісе бермейтін жан жарасы, қуанышы, құпиясы, сыры, баратын жері болуы қалыпты. Кей уақытта бір-бірлеріңізден аулақтағанның да пайдасы бар. Сонда сағынысып кездесудің ләззатын сезесіз.

  3. Сүйіктіңіздің киім-киісін өзге біреуге қарап өзгертуге ықпал етудің қажеті жоқ. Оны осы қалпында жақсы көріңіз. Алдымен адамның жақсы қасиеттеріне көңіл бөлу керек. Ал, кемшіліктерін санамалаудың қажеті жоқ.

  4. Әр таң атқан сайын оның көзіне жаңаша, бөлек болып көрінуге тырысыңыз. Кешегідей болмаңыз. Бастапқыда бұл мүмкін еместей көрінер. Бірақ олай емес. Біраз уақыт өткенде үнемі өзгеріп отыру өзіңізге де ұнай бастайды. Өзіңізге деген сенім күшейеді.

  5. Әлсіздік танытудың қажеті шамалы. Өзіңіздің күш-қуатыңыз бен еркіндігіңізді сезініңіз. Қайта-қайта қоңырау шалып, мезі қылмаңыз. Бұл ер адамға жақпайтын қылықтың бірі. Қоңырау шалғанда маңызды нәрсені ғана айтыңыз. Өзіңіздің де, оның да уақытын болмашыға жұмсамаңыз.

  6. Ешқашан қызғанбаңыз. Қызғаныш – түйсік деңгейінде өзге адамның болмысына иелік етуге ұмтылу. Зат сияқты қолдануға тырысу. Төрт қабырғаға қамап қойып, енді не істер екен деп таң атқаннан күн батқанша бақылау. Бұл жағдай еш жақсылық әкелмейтіні анық. Неге кешігеді деп үнемі күдіктену, оның телефонын ақтарып, хабарламаларын оқу өзара сенім мен сезімді жоққа шығарады.

  7. Әйелдің тағы бір кемшілігі – өсекке әуестігі. Ешкімнің сөзіне құлақ аспаңыз. Барлық мәселені сүйіктіңізбен сөйлесіп, шешіңіз. Ешқашан ұрыс-керісті үйден тысқа шығармаңыз.

  8. Сүйіктіңіз сізбен бірге дүкен мен базар аралағаннан ләззат алады деп қателеспеңіз. Жұбыңызбен екі рет бірге базарлаған соң қарым-қатынасқа селкеу түседі. Дүкенді құрбылармен аралаған жөн. Олармен өткен мезгіл көңілдірек. Әңгіме-дүкен құрып, бірге сергіп қайтасыз.

  9. Сезімімен, ойымен бөліссін деп мазасын алмаңыз. Ол қажет деп тапса өзі-ақ ішіндегісін айтып жеткізетін уақыт табады.

  10. Ешқашан кешікпеңіз. Жарты сағат күтуден кез келген еркектің жүйкесі тозатыны анық.


Аударған Ш. Әбілдә


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар