- Кеше түнде Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында, Сарытерек және Айнабұлақ ауылдарында толқулар мен тәртіпсіздіктер орын алды. Жергілікті тұрғындар жалған ақпарат естіген. Бұл мүмкін емес, өйткені шекара жабық. Олар Қытай тұрғындарын кіргізбеуді талап етіп көшеге шықты. Қазіргі уақытта ШҚО, Алматы облысындағы шекарадан өтетін адамдар саны өте аз.
Негізінен екіжақты трансшекаралық сауда-саттықпен айналысатын біздің азаматтарымыз, жүк көліктерінің жүргізушілері.
Ал Қытайға өтіп кеткен саудагерлеріміз әлі сонда. Қазір олар оралғысы келеді. Олар қайтып келген жағдайда біз олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз қажет, - деді министр.
Біртанов Қазақстан мен Қытайдың шекаралас аудандарында, оның ішінде мемлекеттік инвестициялық жобаларда жұмыс істейтін азаматтарға ұжымдық қауіпсіздікке қатысты нақты тапсырмалар берілгенін айтты.
- Бақылау стационарларының жеке орналасқан ғимараттары дайын болады. Зайсан ауданында Шығыс Қазақстан облысының әкімі бар, халықпен кездесу өтіп жатыр, таңертең екі жиналыс өтті. Біздің азаматтар мен басқа мемлекеттердің азаматтары шекарадан өткен жағдайға арналған 20 орындық жеке ғимарат бөлінді, - деді ол.
Біртанов сондай-ақ, круиздік кемедегі 4 адамның екеуінен коронавирус анықталмағанын, қалған екеуі туралы ақпарат күтіп отырғанын жеткізді.