Қытайдағыдай: балабақшаларда жаңа жоба іске қосылмақ

Сағыныш Сардарова 23 қаз. 2025 10:34

2025–2026 оқу жылында "Ерте жастан кәсіпке және еңбекке баулу" пилоттық жобасы іске қосылмақ, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жобаға республика бойынша 100 мектепке дейінгі ұйым қатысады, оның ішінде 62 мемлекеттік және 38 жекеменшік балабақша бар. Бағдарлама 4 пен 5 жастағы балаларды қамтиды.

"Жобаның мақсаты – балаларды еңбекке баулу, олардың бойында еңбекқорлық, жауапкершілік және табандылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру. Сондай-ақ, еңбек пен түрлі мамандық иелеріне құрметпен қарауды үйрету", - деді Оқу-ағарту министрлігі өкілдері.

Жоба мазмұны баланың жас ерекшелігі мен қызығушылығына сай әзірленген. Балалар күнделікті ойын және тәжірибе арқылы кәсіп түрлерімен танысады, қарапайым еңбек дағдыларын меңгереді.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар