Қытайдағы саяси лагерьлер: Тоқаев өз ойын айтты

Dalanews 05 жел. 2019 05:37 815

Германияға сапарының алдында немістің Deutsche Welle агенттігіне президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңжаңдағы саяси лагерьлер туралы пікір білдірді деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол Шыңжаң өлкесінде тұратын тұрғындар Қытай азаматы екенін еске салды.

“Этникалық қазақтар Қытай да ғана емес, басқа да елдерде тұрады. Неміс жерінде де қазақтар бар.

“Саяси үйрену орталықтарында қазақтар бар” деп атойлап жатқан адам құқығын қорғау ұйымдарының мәліметі анықтауды қажет етеді.


Жақында бізде этникалық қазақтардың форумы өтті. Әлемнің әр түкіпірінен келген қандастардың алдында Сыртқы істер министрлігіндегі басшылардың бірі сөз сөйлеп, осы мәселе бойынша түсініктеме берді.

Қытайдағы қысым көрген қазақтарға қатысты Халықаралық адам құқығын қорғау ұйымдары берген мәліметтің көпшілігі шындыққа сай емес.


Осы мәселені ушықтыру сипаты бар. Мұның аржағында геосаясат жатқанын жақсы түсінеміз. Қытай мен АҚШ-тың арасындағы сауда соғысы немен аяқталары белгісіз. Біздін ел жаһандық антиқытайлық майданның территориясына айналмауы керек.

Қытайдағы әлгіндей орталықтарға қазақтарды әкеп қамап жатыр деген ақпар шындыққа жанаспайды, – деп түйіндеді Тоқаев.

Сұхбатының соңында Мемлекет басшысы Германияға сапары туралы айтып, қазақстандық нарықтың есігі неміс капиталы үшін әрдайым ашық деп мәлімдеді. 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар