Гуанчжоу қаласында әлемдегі алғашқы ұшатын автомобиль өндіретін кәсіпорынның құрылысы басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бірінші кезеңде зауытта "құрлықтағы әуе көлігінің" модульдері шығарыла бастайды, қыркүйекте бұл модель алғаш рет сынақтан сәтті өтті. Оның алғашқы сатылымы 2024 жылдың соңына жоспарланған, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі XPENG AEROHT өндіруші компаниясына сілтеме жасап.
Жобаның өндірістік қуаты жылына 10 мың бірлікті құрайды. Ұшатын автомобильдерді дамытумен тек Қытай айналыспайды. Мәселен, 2024 жылдың наурыз айында ұшатын таксидің прототипін сынағалы жатқандарын EPLAN үнді компаниясы хабарлады. Компанияның негізін қалаушы Сатьи Чакравартидің айтуынша, таксидің прототипі - бұл қалалық жерлерде қолдануға болатын шағын ұшу аппараты.