Қытай ғалымдары рекордтық температураға қол жеткізді

Dalanews 10 ақп. 2016 23:36 876

Қытай физиктері Experimental Advanced Superconducting Tokamak (EAST) термоядрлық реакторsның көмегімен реккордтық жоғары  плазмалық температураға қол жеткізгендерін мәлімдеді.


Олар арнайы құрылғылардың көмегімен қол жеткізген жоғары температура Күн ядросындағы ыстық температурадан 3 есеге артық болған. Күннің дәл ортасындағы температура 15 млн. Цельсий гардусқа тең болса, қытай ғалымдары термоядрлық реактордың көмегімен 49,99 млн. Цельсий гардусына жететін жоғары плазмалық температураға қол жеткізді. Осылайша реккордты жаңартып отыр. Айта кетуіміз керек, олар жоғары температураны 102 секунд бойы ұстап тұрған. Сондықтан бұл – айтулы ғылыми жаңалық болып тұр.


Мамандар дәл осындай жоғары темпаратураға Еуропа мен Жапония ғалымдары тізе қосып, қол жеткізгенін тілге тиек етті. Бірақ олар ғаламат температураны бір минуттан сәл ғана асатын уақыт аралығында ұстап тұрған. Ал қытай ғалымдары жоғары температураны екі минутқа таяу уақыт бойы ұстап тұрған.


"ҚмД" ақпарат

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар