Қыста балық аулаудың ережесін қатаң сақтау керек – құтқарушылар

Dalanews 17 қаз. 2022 09:54 1034

Төтенше жағдай қызметіне қарайтын құтқарушылардың жұмысы қысы-жазы бір тынбайды. Өйткені әр маусымда пайда болатын қауіп-қатер жетіп артылады. Әдетте қарапайым адамдар оған көңіл бөліп, назар аудармайтыны анық. Әдетте күн суытқанда төтенше жағдай қызметінің мамандары қарапайым халыққа пештің мұржаларын тазартып, от жағудың қауіпсіздігі жайында ескертіп, елдімекендерді аралайды. Сонымен қатар қыс түсіп, су бетіне мұз қатқанда өзен-көлдің жағасын мекендейтін азаматтар мұзды ойып балық аулайтынын білеміз.

Шығыс Қазақстан облысында демалыс күндері осылай балық аулайтындардың қатары арта түсетіні белгілі. Осы ретте Dalanews.kz тілшісіне ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов балық аулауға ерте бастан шығу адам өміріне қаншалықты қауіпті екенін әңгімелеп берді.

– Қыста біраз адамдар өзен-көлдің бетіне қатқан мұзды ойып, балық аулауға шығады. Жерге қар түсіп, судың бетіне мұз қатқан сәтте бірден балық аулауға шығу өте қауіпті. Алғашқы кезеңде судың бетіне қатқан мұз жұқа болғандықтан балықшының салмағына шыдамай жарлып, адамдар суға кетіп қалуы мүмкін.

Сондықтан қысқы маусымда балық аулауға асықпаған жөн. Демалысын табиғат ортасында өткізуді жөн санайтын демалушылар бірінші кезекте ауа-райына баса мән беруі керек.


Айталық, кейбір жылдары қыс жылы болып, су бетіне қатқан мұздың қалыңдығы жұқа болуы мүмкін. Әдетте кейбір азаматтар қыс түскенін себеп қылып су бетінде балық аулауға аттанып, соңында қиын жағдайға тап болып жатады. Сондықтан мұз үстінде балық аулағанды жөн санайтын азаматтар ауа-райын бақылап отыруы маңызды, – дейді Арман Тоқанов мырза.

Иә, қауіп деген табан астында пайда болып жатады. Қандай жағдай болса да мұз үстінде балық аулау қауіпті демалысы.

Білікті маман мұз үстінде балық аулаудың басқа да ереже-тәртіптері бар екенін алға тартуда. Өзен-көлдің бетінде мұз қалың қатқаннан кейін қауіптің бәрі бір сәтте сейіліп, ізім-қайым жоғалмайтынын демалушылар түсінуі керек.

Жыл сайын мұз үстінде балық аулауды әдетке айналдырған тәжірибелі адамдар бұл ермектің қыр-сырын жетік білетіні анық. Ал балық алауға жаңадан шыққан азаматтар мұз үстінде балық аулауға қатысты сақтық шараларын білуі шарт

– Азаматтар мұз үстінде балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауы керек. Әдетте тәжірибесі жоқ балықшылар қауіпті жерлерде балық аулап, қиын жағдайларға тап болып жатады. Балық аулауға барғанда кейбір азаматтар алкогольді ішімдіктерді тұтынып, соңында суға кетіп жатады. Сондықтан демалысын табиғат ортасында өткізушілерге алкогольді ішімдікті тұтынбауға кеңес береміз. Бұдан басқа балық аулаға азаматтар жалғыз-дара шықпауы тиіс. Мүмкіндігінше балық аулауда тәжірибесі бар, қайықты дұрыс басқара алатын адамдармен бірге шыққаны ләзім. Сонымен қатар демалушыларға түнде балық аулауға шықпағаны жөн, – дейді Арман Тоқанов.


ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов судағы қайғылы жағдайлар қарапайым қауіпсіздік шараларына немқұрайлы қарап, сақтамауынан туындайтынын алға тартты. ТЖД маманы 2023 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысында 2 жағдай орын алғанын жеткізді.

Өңірдегі азаматтардың қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ШҚО Төтенше жағдай департаменті 50-ден астам профилактикалық рейдтер жүргізіп, халыққа қауіпсіздік шараларын жан-жанқыт насихаттаған.

Осылайша шара аясында 400-ге жуық азаматқа су айдындарында жүріп-тұру ережелерін түсіндірген. Осы ретте төтенше жағдай қызметінің мамандары балық аулау құрал-жабдықтарын сататын дүкендер де қамытылғанын айта кетуіміз.

Мамандар балық аулау кезінде құтқару кеудеше киіп, қайыққа шамадан тыс жүктеме артпауды ескертеді. Сонымен қатар құтқарушылары жүзуді білмейтін адамдарға қайықта отырып, балық аулауға кеңес бермейді.

Жарбол КЕНТҰЛЫ

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар