Қыруар салық төлемегендердің тізімі: танымал қазақстандықтар жауапқа тартыла ма?

Көркем Алдабергенова 19 ақп. 2025 13:31 723

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов табысы туралы өтірік ақпарат берген блогерлер қалай жазаланатынын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Елемесов миллиардтаған теңге салық берешегі туралы хабарлама алған қазақстандық блогерлер қылмыстық қудалауға ұшырауы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді. 

"Уәкілетті орган тиісті тексеру жүргізіп, нақты шығын көлемін анықтайтын хаттама немесе қорытынды бергеннен кейін ғана қылмыстық істі тіркей аламыз", деді ол.

Осыдан кейін ғана ведомство қарыз сомасы заңда белгіленген шекті мөлшерден асқан жағдайда қылмыстық істі тіркей алады. Әйтпесе, блогерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Еске салайық, бұған дейін қыруар салық төлемегендердің "тізімінде" жүрген танымал қазақстандықтар бұл жайтқа қатысты пікір білдірген болатын.

Айта кетейік, күні кеше журналист Михаил Козачков телеграм арнасында салық төлемей жүрген танымал қазақстандықтардың тізімін жариялаған болатын. Оның ішінде, блогер, кәсіпкер Бейбіт Әлібеков көш басында тұр. Тізімдегі ақпаратқа сәйкес, Әлібеков екі миллиардтан аса салық төлемеген. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар