Қырғызстанда жаппай тәртіпсіздіктер арқылы мемлекеттік төңкеріс жасалмақ болған

Сағыныш Сардарова 13 қар. 2024 10:42 985

Қырғызстан ІІМ қылмыстық іздестіру бас басқармасы жаппай тәртіпсіздіктеге қатысты күдікті жеті адамды ұстады. Бұл туралы қырғызстандық 24.kg басылымы жазды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Мәліметтерге сәйкес жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру арқылы билікті күшпен басып алу мақсатында ұйымдасқан топ құрылған.

"Әр қатысушының рөлдері бекітілген (ұйымдастырушылар, көмекшілер, қаржыгерлер және орындаушылар). Бұл топ Бішкек маңында спорттық ойындар, сондай-ақ, басқа да жарыстар өткізуді жоспарлады. Ұлттық спорт ойындары деген желеумен олар зорлық зомбылық әрекеттеріне шақыруды көздеді, конституцияға қарсы үндеулер шығаруды, билікті одан әрі күштеп басып алу үшін жағдайды тұрақсыздандыруды көздеді", - деп хабарлады Қырғызстанның ІІМ.

Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осы іс бойынша топтың қатысушылары саналатын адамдар ұсталды:

  • шет мемлекеттердің үш азаматы, олардың бірі шет мемлекеттің аумағында әскери қимылдарға қатысқан;
  • бұрын қылмыстық баптар бойынша сотталған Шу облысының үш тумасы;
  • сондай-ақ ұйымдастырушы - Кубан Адылуулу, Қырғызстан Бас прокурорының бұрынғы орынбасары. Оның міндетіне қаржылық қамтамасыз ету, құқық қорғау органдарымен байланыс, олардың іс-әрекеттері туралы алынған ақпаратты беру, рөлдерді бөлу және тәртіпсіздіктер мен билікті басып алу кезінде үйлестіру кірді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар