Қырғызстан президентінің болашақ күйеу баласы қамауға алынды

Қаракөз Амантай 10 шіл. 2024 12:03 229898

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың немере қарындасының күйеу жігіті есірткі саудасымен айналысты деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Садыр Жапаровтың баспасөз хатшысы Асхат Алагөзов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Президент Садыр Жапаровтың інісінің қызының жігіті құқық қорғау органдарының өкілдерімен ұсталғанын растаймыз", - деді Алагөзов.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы жас жігіттің бойжеткенге ерекше ұсыныс жасау арқылы танылғанын атап өтті.

"Ләззат Нұрқожоеваның жігіті оған тікұшақта үйлену туралы ұсыныс білдірген соң танылды. Жас жігіттің негізгі мақсаты өз қызметін жасыру үшін биліктен «крыша» іздеді деуге толық негіз бар", - деп қосты ол.

Еске салайық, Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың қарындасы Ләззат Нұрқожаеваға сүйіктісі үйленуге сөз салу үшін Жастар Оруу-Сай шатқалына ТЖМ-нің тікұшағымен ұшып барған.

Жапаров болашақ күйеу баласының бұл қылығын құптамайтынын айтты. Сондай-ақ Қырғыстан Президенті ТЖМ-ға жаңадан сатып алынған тікұшақтар өзінің құнын ақтау үшін коммерциялық мақсатта пайдалануға рұқсат етілгенін атап өтті.

"Бұрын мен басқаларды сынайтын едім, енді өзімнің алдымнан шықты. Қарындасым үшін халықтан кешірім сұраймын. Әлі жас, бірақ қоғамның сынын көріп отыр. Бұл оқиғадан сабақ алады деп ойлаймын", - деді Жапаров.

Дерекерге сүйенсек, күйеу жігіт бірнеше күннен бері есірткі саудасымен айналысқан деген күдікпен уақытша ұстау изоляторында отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар