Қыңыр әйелдер 

Dalanews 09 нау. 2015 22:47 126

 Наталья Богдан, Ресей

 Қазіргінің әйелдері үйде баламен отыруға қиналады. Байқайсыз ба, оларды үнемі сыртқа қарай бір күш тартып тұратындай. Неге? Неге бір тойға бару үшін баласын бөтен адамға бақтырып кетеді? Неге әйел жанын сән мен өсек жаулап алған? Денсаулық пен тәлім беруді ойламайды да. Неге бірінші орында отбасы тұрмайтын болды?

АйелНеге екенін, өзін жетілдіру мен келешек көп мазалайды. Ананың тілегі баласының тыныштығынан артық болды. Осы тектес сауалдар мазалай ма? Бүгінгінің әйелі бақытты ана, әйел, аспаз түгілі, жәй әйел болудан қалды. Уақытының көбін балаға арнау орынды деп білмейтін болды. Балаға арнап тәтті пісіру, көйлек киіп, үй жинау, күйеуінің жейдесін үтіктеу, оны ойлау – бәрі-бәрі екінші сатыға түсіп кетті. Мағынасыз істер сияқты.

Мұндай нәрселерден өзімізді көрмейміз. Отбасы, ана болу, адалдық, өзіңді құрбан ету, нәзік қалыбымызды көрсетуге ұялатын болдық. Бәрінің құны түсті. Мағынасы жоқ. Неге?
Жұмыстан басқа шаруа жоқ. Бесіктен енді шыққан баланы балабақшаға тастай сала, жұмысқа асығамыз. Ондағы түсініксіз тәрбиешілерге мән бермейміз. Ол сіздің балаңызды анасындай жақсы көре алмайды ғой. Ол баланың санына ғана жауап береді. Күнделікті конвейерге келген қадағалаушы ғана. Сіздің балаңыздың жанында не қайғы бүршік жарғанын да байқамайды. Оған бәрібір. Оған бар бала бірдей болуы керек. Оларды басқаша игеру мүмкін емес.
Оқы. Әйтпесе үй күтуші болып қаласың. Бұдан қорқынышты үкім жоқ еді. Ғылым игеруден артық байлық жоқ көрінген. Бастысы – диплом. Жақсы жұмыс. Атаққа бастайтын баспалдақ.
ӘйелдерОтбасы мүшелері соңғы рет бір адамдай қашан бір дастарқан басында отырған еді? Асығыс өмірді аптығып жүріп өткіземіз. Ата-анамыз бізден кімді өсіргенін білді ме екен? Олар біздің арман-мақсатымызды сезді ме? Жан жарамызды бөлісе де алмады. Өйткені, уақыты жоқ еді. Жұмыс, жұмыс.
Біз де оларды білмедік. Уақыт жоқ болды. Балабақша, мектеп, университет. Жұмыс. Жазда лагерь. Қыста ерте жату. Бірге кітап оқу, ойнауға қол тимейтін. Өстік.
Сондықтан біздің санамызда отбасыға деген орын ең соңында тұрды. Баланы тану үшін, онымен ойнау керек. Ойнау үшін, балаңды жақсы көре білу маңызды. Күнде асүйден шықпай тәтті пісіруді де жақсы көру керек. Оған уақыт керек. Осыны ескеруден қалдық. Не істесең де, бәрін ықыласпен, сүйіп істеуің керек. Күйеуіңді түсіну үшін де оның жан дүниесіндегі мұң мен қайғыны сезу аз, білуің керек. Оның келешегіне қам жеу үшін риясыз сүюің қажет. Күйеуді сүй. Оның жанындағы өзіңді ғана емес.

Өмірдегі басты ұстаз

Жақсы көруді қызына анасы сіңіреді. Ол қызының басты ұстазы. Өмірлік бағытты нұсқаушы. Ол сүюді үйретеді. Оның әйелге тән рөлі сол. Әйел мен ана болудың қағидасын үйретуші. Егер қызы анасын көрмеген болса немесе сүюді білмейтін ананың ақылымен өссе, қайтуы керек?
Әйел заты пәктігі мен махаббатын жоғалтқан заман. Бізге оны сақтауды үйретпеді ешкім. Бізге еркектің ғана қызметін тартып алуды ғана түсіндірді. Жетістік қана маңызды деп тықпалады. Енді келіп, артымыздағы өртенген көпірлерді көріп жылаймыз. Өйткені, әйелдің көбі кері бағытқа түскен. Кезінде бізді біреу алдап кеткендей күй кешеміз.

Амалын табу

Амалын табуға болады, әрине. Ана болуға, әйел болуға, жұбай болуға... Бәрін өз табиғатына сай меңгеруге болады. Ақырындап, баяулатып. Өмірге басқа көзбен қарауға дағдыланайық. Әйел көзімен, мейірімді жүрекпен қарайық. Сүюді үйренейік... Күні бойы жұмыс бабын емес, отбасы қамын ойлайық. Отбасымызды бағалауды. Күйеуді, балаңды, өзіңді жақсы көр. Оларға қызмет көрсету, өзгеден артық болуына үлес қосу. Сонда әйел гүл сияқты ашылады. Өйткені оның жаны махаббатпен ғана жасайды.
Балаңыз бен күйеуге күліп қарауды әдет етіңіз. Оларды жиі-жиі құшақтаңыз. Не нәрсенің бетіне қарамай, тереңіне үңілейік. Әйел отбасының ынтымағын құятын қалып. Отбасының дамуы, жетілуі, мықты болуы сізге байланысты. Баланың балалық шақтан бақытты молырақ алғаны абзал. Ол сол бақытпен өз өмірінің іргетасын құяды. Бала күнінде алған махаббатты өміріне азық етеді.
ШынарСондықтан әр әйел ең алдымен ана мен жұбай деген мамандықтарды терең игеруі керек. Егер осы баспалдақтың шыңына жетуге талпынбасақ, онда қартайған шақта өкініш ерен болмақ. Өйткені, мүмкіндікті жіберіп алу ең қиыны. Мойныңдағы жауапкершілікті адал атқармаудың айыбы зор.
Бәрінің жемісін көресіз. Кім не күтеді? Бәрі адамның өз қолында. Қандай бағыт таңдап, қандай құндылықты құнттайтынымызды өзіміз таңдаймыз. Өмірге не бере аласыз? Өз отбасыңызға ше?
 


Аударған Шынар ӘБІЛДӘ


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x