Ғалым қарапайым қылауға диагностикалық тексеру жүргізіп, оның бойында иммунобиологиялық құрамын және молекулярлы-генетикалық ерекшеліктерін зерттеген. Қылау айналадағы микрооганизимдерді бойына сіңіріп алатынымен ерекшеленеді. Алдағы уақытта ғалымдар қылауға диагностикалық тест жүргізіп, айналаға инфекцияның қаншалықты таралғанын және Қазақстанның микроорганизмдер қорын қалыптастыруға мүмкіндік алатын болды.
Мұндай ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі арқылы қысқы маусымдардар тұмау сияқты жұқпалы аурулардың алдын алып, оның кең таралуына жол бермеуге болады.
Ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізгенде бактериологиялық және генетикалық әдістерді кеңінен қолданғанын айта кетуіміз керек.