Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қызметінен кетеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.
Бүгін федерацияда кезектен тыс жиын өтіп, Әділет Барменқұлов қызметінен кететінін айтқан.
Әділет Барменқұлов ҚФФ-ға 2022 жылы президент болып сайланған еді.
Ол Әділбек Жақсыбековті алмастырған болатын.
Оның тұсында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу кезеңінде тәуір өнер көрсетіп, жолдама алуға жақын қалды.
Алайда шешуші сәтте Магомед Адиев жаттықтырған құрама Словенияға есе жіберді. Кейін қосымша ойында Грекияға жол берді.