Еуропалық ғылыми-өндірістік палатасы жүргізетін жоғары оқу орындарының рейтингісінде келесі көрсеткіштер ескеріледі: жоғары сапалы білім беру; зерттеу және инновациялық қызмет, жұмыс берушілердің түлектерге сұранысы және т.б. Университеттердің студенттерді кәсіби білім мен біліктілікпен, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысумен, сондай-ақ болашақ жұмыс берушілермен байланыс орнатумен қамтамасыз етуге қабілеттілігіне ерекше назар аударылады.
«ARES» халықаралық рейтингісі 2011 жылдан бері жүргізілуде, ол мемлекеттер бойынша қызметі еуропалық стандарттарға сәйкес келетін университеттерді саралайды. Биылғы жылы аталмыш рейтінгіде Қазақстанның 96 жоғары оқу орны қатысты. «ARES»-тің нәтижелері әлемнің жетекші рейтингілік агенттіктерімен ескеріледі.
ҚазҰУ әлемдік деңгейдегі ғылыми-зерттеу университетіне айналу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде және ғаламдық ғылыми-білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілеттілігін арттыруда, бұл оның халықаралық рейтингілерде табысты ілгерілеуіне ықпал етеді.