ҚазҰУ-де оқығаныма мақтанамын

Dalanews 12 мам. 2016 02:33 888

   Қазақстан бүгінгі таңда сапалы білімімен көзге түскен елдердің бірі болып табылады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев білімге көп көңіл бөлуде. Біз оны салынып жатқан әлемдік стандартқа сай  түрлі мектептер мен жоғарғы оқу орындарынан байқаймыз. Сондай университеттердің бірі Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті. ҚазҰУ әлемнің ең үздік 300 университеттерінің қатарында.Ғылыми зерттеулер мен әдістемелерді жүргізуде жоғары деңгейдегі технологияларды пайдалатын, оны қоғамда және экономикада ұтымды жүзеге асыратын алдыңғы қатарлы заманауи ЖОО болып табылады. Болашақта ҚазҰУ тек республикалық ғана емес,халықаралық білім беру орталығына айналмақ.

Қазіргі кезде университетте 13 факультет қызмет атқарады. Әрқайсысында жоғарғы дәрежедегі мамандырылған оқытушылар мен профессорлер білім беруде. Әр факультеттің өзіндік орны мен тарихы бар,бірі екіншісінің орнын баса алмайды және факультеттердің түлеп шыққан түлектері еліміздің әр саласында,шетелдерде қайталанбас маман иелері болып қызмет атқарады.Сонымен қатар негізгі факультеттерден басқа дайындық факультетінде әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған шетел азаматтары мемлекеттік тіліміз қазақ тілін уйрену үстінде.Олардың араларында Ауған азаматтары, қытайлар, корейлер, түріктер және шетелдерде тұратын өзіміздің қандас бауырларымыз яғни қазақтар да бар. Осының есебінен біз студенттер шетел азаматтарымен танысып, басқа елдердің мәдениетін танып біліп оларға өзіміздің елімізді танытамыз. Шығыс тілдерін уйреніп жүрген біздерге бұл керемет тәжірибе деуге болады. Себебі олар бізге,біз оларға көмек көрсетеміз. Бұл жайт ҚазҰУ-ның керемет мүмкіндіктерінің бірі болып есептеледі.

Мектеп қабырғасын “Алтын Белгімен” бітіргенімде менің алдымда үлкен таңдау тұрды. Ол - мамандық таңдау. Демек,сол мамандықты меңгеріп шығатын университетті таңдау.Көп толғанып,көп ойландым. Ойлана келе ҚазҰУ-ға жететін университет жоқ екеніңе көзім жетті. Содан мен шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының грант иегері атандым. Қазіргі кезде қытай тілі мен шығыс елдерінің тарихын оқу үстіндемін.       Факультетіміздің әлемнің басқа университеттерімен байланысы өте жақсы дамыған. Факультет оқытушылары мен студенттері тілдік және ғылыми практикадан өтетін университеттер Үндістанда, Қытайда, Кореяда, Түркияда, Египетте бар.

Университеттің білімі туралы барлығымыз хабардар болдық,енді университеттің студенттік өмірі жайлы айтатын сөз де аз емес. ҚазҰУ қабырғасында әр түрлі ұйымдар жұмыс істейді. Мысалы, “Студенттер сенаты”, “Сұңқар” ұйымы,“Көмек” ұйымы, т.б.

Бұл ұйымдардың әрқайсысының өзіндік жұмысы мен қызметі бар.Ұйымдар студенттер үшін оқудан тыс қоғадық өмірге белсене араласуына ықпал тигізеді.

Қорытындылай келе,осы Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің,шығыстану факультетінің,қытайтану кафедрасының студенті болғанымды мақтан тұтамын.

 

 

 Диана Скатова,                 

Шығыстану факультетінің, 3-курс студенті.

Нұртәліп Шарыпқазы,

Шығыстану факультетінің оқытушысы.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар