Бұл мектеп білім, ғылым, тәрбие, ақпараттық технология, экономикалық жоспарлау, жоғары оқу орындарын басқару стратегиясы, академиялық саясат, академиялық ұтқырлық мәселелерін қамтитын 8 сессия бойынша жүргізілуде.
Университеттегі тәрбие жетекшілігі жүйесінің тиімділігін арттыру, тәрбие жетекшілеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында аталмыш мектеп аясында 2018 жылдың 8-9 қаңтар күндері аралығында «Тәрбие жетекшісі мектебі» атты семинары өтті.
Екі күнге созылған семинар тұлға психологиясы, жастардың физикалық белсенділігі, тәлімгерлік тәжірибе мәселелері тақырыптары аясында жүргізілді. Ұйымдастырылып отырған бұл семинар жұмысына 150-ге жуық тәрбие жетекшісі қатысты. Сабақтар тренинг, талдау-пікірталастар, интерактивті білім беру технологияларын қолдану арқылы семинар-практикумдар, топтық жұмыс түрінде жүргізілді.
Семинар сабақтарын университетіміздің білікті ғалымдары академик Жамиля Намазбаева, профессор Шамшидин Балғымбеков, психолог-мамандар Мира Ибашова, Анель Садықовалар жүргізді.
Семинардың қорытынды сабағын «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері Куляйхан Тұрдақынова жүргізіп, оқу-тәрбие барысын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.
Университетіміздің тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Жанатбек Ішпекбаев «Тәрбие жетекшісі мектебі» семинарын қорытындылап, шеберлік сабағын аяқтаған тәрбие жетекшілеріне сертификаттар табыстады.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент
https://dalanews.kz/32760