ҚазҰПУ ғалымы лас су кеөздерін тазартудың жолын ұсынды

Dalanews 12 жел. 2016 05:33 1552

Абай атындағы ҚазҰПУ жетекші ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының докторы, профессор О.В. Есырев ластанған ағын сулар мен оның түбінде шөгіп қалған улы заттардан түрлі микроорганизмдердің көмегімен тазартудың жолын ұсынды, – деп хабарлайды «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.

Ғалым ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысқан сәтінде Алматы қаласындағы сулардың және «Сорбұлақ» жасанды көлінің жағдайын басшылыққа алған. Өз кезегінде ғалым аталған су көздеріндегі тірі организмдерді мұқият зерттеп, ЭВМ жүйесінде олардың биологиялық жүйесінің модельін жасапты. Сонымен қатар ондағы тіршілік иелеріне физикалық фактордың (электронды, рентгендік және электромагниттік әрекеттесуін) қалай әсер ететінін де кешенді түрде зерттеген.

Мамандар ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындысы басшылыққа ала отырып, еліміздегі өндірістік қалдықтармен ластанған су көздерін және лас суды жинақтайтын су қоймаларындағы экологиялық мәселелерді оңтайлы шешеуге болатынын алға тартты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар