"Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы болып Бекежан Жәкеев тағайындалды

Кәмшат Тілеухан 11 мау. 2025 11:11

"Қазпошта" АҚ Басқармасының төрағасы болып Бекежан Жәкеев тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бекежан Жәкеев құқық, қаржы және инвестиция салаларында 22 жылдық тәжірибесі бар. Ол банк және заң салаларында басқарушылық қызметтер атқарған. 

Бұған дейін ол "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Айта кетейік, "Қазпоштаның" бұған дейінгі басшысы Әсел Жанасова Президенттің кеңесшісі қызметіне тағайындалған болатын. Ол акционерлік қоғамға екі жарым жылдан астам уақыт басшылық етті. 

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар