Freedom Inside '26

Мөлдір Мұқан отбасындағы қуанышты хабарды айтты

Мөлдір Мұқан отбасындағы қуанышты хабарды айтты
ашық дереккөзден

Продюсер, актриса Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті. Өнер иесі тұңғыш қызының диплом алғанын айтып, оған жүрекжарды тілегін арнады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мөлдір Мұқан бұл күнге жетудің өзі үлкен қуаныш екенін жазып, қызының жетістігіне шүкіршілік етті.

"Тұла бойым тұңғышым дипломын алды. Шүкір, осы күнге де жеттік!" – деп жазды ол.

Актриса қызына арнаған жазбасында дипломның артында үлкен еңбек, сабыр мен көз жасы тұрғанын айтты. Ол қызының талпынысы мен еңбегін ерекше атап өтіп, әр белесінде жанынан табылатынын жеткізді.

"Адемок, сен білесің, бұл диплом бір жапырақ қағаз болып тұрғанымен, оның артында екеуміздің сабырымыз, көз жасымыз, сенің үлкен еңбегің бар! Көзіңдегі отың сөнбесін! Алла ғұмыр, денсаулық, күш-қуат берсін, мен әр белесіңде жаныңнан табыламын! Саған сенемін!" – деп жазды Мөлдір Мұқан.

Жазба соңында өнер иесі барлық аналардың қуанышы баянды болып, қыздарының жолы ашық болсын деген тілегін білдірді.

Желі қолданушылары Мөлдір Мұқанның қуанышына ортақтасып, қызына ақ тілектерін арнады. Көпшілік ана мен қыздың арасындағы жылы байланыстың әсерлі екенін жазып, жас түлекке сәттілік тіледі.