"Қазпочта" басшысының айлығы қатардағы оператордан 40 есе көп - қаржыгер

Dalanews 26 там. 2020 09:44 864

Қаржыгер Расұл Рысмамбетов Қазақстандағы басшы мен жұмысшының алатын жалақы мөлшерін салыстырды деп хабарлайды Dalanews.kz.




Қаржыгер біздегі басшылық пен қатардағы жұмысшының алатын айлығы жер мен көктей дейді.

"Қателеспесем Қазпочтаның орталық аппаратында істейтін дөкей директордың шотына ай сайын 1,2 млн теңге аударылады. Дәл осы мекемеде істейтін қарапайым оператор терлеп-тепшіп жүріп айына 47 690 теңге алады екен ("Қазпочтадағы" ең төменгі айлық). Дөңгелектер болсақ директор операторға қарағанда 24 есе көп табады",  – дейді Рысмамбетов.

Оның айтуынша Швейцария секілді дамыған елдерде басшының қарамағындағы қызметкерден бәленбей есе асырып айлық алуына жол берілмейді.

"Бұл елде де Қазпочтаға ұқсас ұйым бар. Бірақ жалақы келгенде дәл біздегідей алшақтық жоқ. Почта басшысының табысы қызметкердің айлығынан 12 есе асып кетсе артынан сөз ереді, сынға ұшырайды.

Біздің түсінікке салсақ Швейцария теміржолында істейтін жолсерік айына 6-8 мың франк жалақы алса, компания басшысы 72 мың франк алады деген сөз емес. Басшылық пен жұмысшының алатын айлығы әділетті бөлінген. "Қазпочта" операторының жалақысы 50 мың теңгені құраса, компанияны директоры әрі кеткенде 600 мың теңге айлық алуы керек", – дейді қаржыгер.

Айлықтағы әділетсіздік "Қазпочта" ғана емес, өзге де ұлттық компаниялардың әдетіне еніп кеткен.

"Мұндай мекемеде істейтін қызметкер 200 мың теңгенің төңірегінде айлық алады, ал бастығының жалақысы - 5-6 млн теңгені құрайды, бұған 12 айда бір түсетін жылдық бонусты қосыңыз", – дейді Расұл Рысмамбетов.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар