Қазығұрттық шаруа гүл өсіріп, пайдаға кенелуде

Жарбол Кентұлы 05 нау. 2024 15:40 1871

Қазығұрт ауданындағы «Пасека-Бал» шаруа қожалығы жылыжай өндірісін дамытуда. 2010 жылы іске қосылған қожалықтың қазір 18 гектар егістік жері бар. Оның ішінде жылыжай көлемі – 1,46 гектар– деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде шаруашылықта гүл өсіретін үш жылыжай бар. Онда жылына 1 миллионнан астам гүл қырқылады.

Шаруаның гүл бағында раушанның «Misty Bubbles», «Каталина», «Қара сиқыр» деп аталатын үш түрі өсіріледі.

Шаруа қожалықтың төрағасы Азизбек Қасымовтың сөзінше, бір ғана жылыжайдың өзінен жылына 400 мыңға дейін гүл қырқылады. Өнімді Шымкент, Алматы, Қызылорда қалаларына жөнелтеді.

Гүлдердің орташа бағасы - 150-170 теңге. Бүгінде жылыжайда тұрақты 15 адам жұмыс істейді.

Айта кетсек, Республикада салынған жылыжайлардың 70%-ы Түркістан облысына тиесілі. Облыстағы жылыжайлардың жалпы көлемі – 1 640 гектар. Өткен жылы жалпы жылыжайлардан 140 мың тонна өнім жиналып, республика халқының 42%-ы көкөніспен қамтамасыз етілген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар