«Қазатомпром» жаңа уран учаскесін барлауға құқық алды

«Қазатомпром» жаңа уран учаскесін барлауға құқық алды
Ашық дереккөз

«Қазатомпром»Қазақстанның оңтүстігіндегі Қызылту учаскесінде уран барлау жұмыстарын жүргізуге алты жылға құқық алды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Компанияның мәліметінше, учаскедегі уран қоры шамамен 10 мың тоннаны құрауы мүмкін. Қызылту учаскесіндегі жер қойнауын пайдалану құқығы тек «Қазатомпромға» тиесілі.

«Қазатомпром» әлемдегі уран өндірісінің шамамен 20 пайызына ие. Компанияның уран қоры шамамен 300 мың тоннаға бағаланады.

Компания Қазақстанда 14 уран өндіру кәсіпорны арқылы 27 кен орнын игеріп келеді.