“Қазақтелекомның” байланыс қызметтері қымбаттай түсті

Қаракөз Амантай 08 қаң. 2026 16:33

Қосылған құн салығына байланысты "Қазақтелеком" АҚ абоненттерінің байланыс қызметтері қымбаттады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оператордың хабарлауынша, байланыс қызметтеріне арналған тарифтер ҚҚС есептемегендегі құны бойынша бекітілген және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өзгермеген.

"Төлем сомасының өсуі тек ҚҚС мөлшерлемесінің өсуіне байланысты. Бұл тарифтің өзінен өзгерген жоқ. ҚҚС-сыз тариф құны бұрынғы деңгейде сақталды. Келісімшарт тарифтері заңды және абоненттің ерікті таңдауы", – делінген компания жауабында.

Сонымен қатар "Қазақтелеком" ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша түсініктеме берді. Компанияның мәлімдеуінше, келісімшартта көрсетілген тұрақты тариф қызметтің салықсыз құнына ғана қатысты қарастырылған. Ал ҚҚС мөлшерлемесін мемлекет белгілейді және ол қызметтің толық сомасына қолданылады. Сондықтан келісімшарт шарттары сақталғанымен, соңғы төлем көлемі артқан.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар