2024 жылы телеком-оператор Алматы өңірінің облыс орталығында оптикалық желіні кеңейту бағытында жұмыстарды қолға алған. Компанияның техникалық мамандары оптикалық желіні салу бойынша ауқымды жұмысты аяқтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қонаев қаласында ұзындығы 10 шақырым болатын жаңа талшықты-оптикалық желі салынды, оған 780-ден астам мемлекеттік ұйым, шағын және орта бизнес нысандары сәтті қосылды.
«Біз клиенттеріміздің барлығын жоғары жылдамдықты интернет және заманауи телекоммуникациялық қызметпен қамтамасыз етуге тырысамыз. Оптикалық желіні Қонаевта төсеу – бұл байланыс сапасын жақсартып, заман талабына сай келетін цифрлық инфрақұрылымды құруға жасалған маңызды қадам», - деді «Желі» дивизионы бірлестігінің қол жеткізу желісі жөніндегі директоры Ғазинұр Райымханов.
«Тазарту» жобасы аясында 2024 жылдың тамызында Қонаевта талшықты-оптикалық желінің құрылысы басталды. Бастаманы іске асыру барысында 11,2 шақырым магистральдық және 66 шақырым тарату оптикалық кабелі төселіп, сондай-ақ 2400 порт салынды.
Осыған дейін ADSL технологиясы бойынша интернетті пайдаланып келген тұрғындар, бұл 1800-ден астам клиент, жақын арада талшыққа ауысады. Осылайша, қаланы елдегі алғашқы «оптикалық» облыс орталығы деп атауға болады.
Телеком-оператордың мәліметінше, 2024 жылы барлығы 70 мыңнан астам қолданушы «мыстан» «талшыққа» ауысқан.