Қазақтелеком «кеден қалашығын» оптикаға қосты

Dalanews 01 сәу. 2025 15:39 715

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы кеден бекетінің қызметкерлері отбасыларымен бірге тұрып жатқан «кеден қалашығы» орналасқан. Енді Қазақтелеком салған жаңа талшықты байланыс желісінің арқасында қала тұрғындары жылдамдығы жоғары интернетке ие болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұрын мұндағы байланыс ескірген ADSL технологиясы арқылы жұмыс істейтін, оның қосылу жылдамдығы небәрі 8 Мбит/с еді. Талшықты-оптикалық желі салынғалы бері интернет жылдамдығы таңдалған тарифтік жоспарға сәйкес 500 Мбит/с дейін өсті.

Қазір аудан орталығынан 4 шақырым жерде орналасқан кеден қалашығында 48 отбасы тұрады. Барак үлгісіндегі әр үйде 4-5 пәтер бар. АТС-тен үйлерге дейін тарату желісі бір айда салынды. Қазіргі уақытта абоненттер қосылуда.

«Қазақтелеком «Тазарту» жобасы аясында клиенттерді ескірген мыс желісінен талшыққа ауыстыруға бағытталған ауқымды жұмыс жүргізуде. «Мыстан» кетудің мақсаты – сервис пен қызмет сапасын арттыру. Талшықты-оптикалық байланыс желісі абоненттерге Full-HD бейнесінің айқындылығымен шапшаң интернеттен цифрлық телевизияға дейінгі алуан түрлі цифрлық қызметтерге жол ашып, өткізу қабілеттілігін арттыра алады», – деді «Қазақтелеком» АҚ «Желі» дивизионы» бірлестігінің қолжетімділік желісін пайдалану Оңтүстік Қазақстан департаментінің директоры Берік Төпетов.

Биыл «Тазарту» жобасы бойынша Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 600 абонентті, сондай-ақ Қапланбек және Қызылжар ауылдарында 500-ден астам абонентті «оптикамен» қамту жоспарлануда.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар