Бұл ағылшын тілді оқырманға постмонғолдық Орталық Евразияда казак феноменінің қалыптасуы және оның қазақтардың пайда болуымен байланысы туралы авторлық пікір ұсынған алғашқы еңбек. 2017 жылғы Орталық Еуразиялық зерттеулер қоғамының (Central Eurasian Studies Society) тарих және гуманитарлық ғылымдар саласындағы ең үздік зерттеу ретінде кітап сыйлығын жеңіп алған.
Кітап қазақ және орыс тілдеріне аударылды.
Бұл жобаның жүзеге асуына, аударма және баспа жұмыстарын ұйымдастырып отырған «Shon» қоғамдық қорының президенті Гаухар Нурова:
«Бұл еңбектің ұлт тарихын зерделеуге, осы ел мен жердің өткенін саралап қана қоймай, сонау ғасырлар бойына тарихты жинақтауға өз үлесін қосатын бұл еңбектің орны ерекше. Тұсаукесерге отандық және шетелдік ғалым-мамандар қатысып, ұсынылып отырған кітаптың негізгі идеяларын талқылады. Оқырман қазақтардың қалыптасу тарихы туралы өте қызықты деректер туралы біле алады».
Кітап ортағасырлық Шығыс Еуропа мен Орталық Азия бойынша ауқымды зерттеулердің ғылыми аппараты мен бай дереккөздерге қарамастан, тартымды және оқуға жеңіл. Осы негізде зерттеушілердің ширек қауымына және Қазақстан тарихына қызығушылық танытушы көптеген ғалымдарды да қызықтырады.