Қазақтар Қасым хан тұсында аймақтық держава болғанын орыстар мойындады

Dalanews 28 қар. 2016 15:23 1135

Ресей Федерациясының Экономикалық стратегиялар институты Қазақстанның даму тариxын зерттеп, экономика, табиғи ресурстар, сыртқы саясат, білім-ғылым, әскери дайындығы, территориалдық мәртебесі және тағы басқа салалардағы күш-қуатын зерделеген. Бұл туралы осы институттың директоры, профессор Александр Агеев «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл: нәтижелер, жетістіктер, келешек көкжиегі» тақырыбындағы xалықаралық конференцияда айтты.

[caption id="attachment_21745" align="alignright" width="427"]dalanews-kaz1 профессор Александр Агеев[/caption]

«Осы орайда Тәуелсіздіктің 25 жылы — ол «мемлекетке 25 жыл толып отыр» дегенді білдірмейді. Осыны ұмытпау қажет. Мемлекеттің өзіне мың жыл, ғасырлардан да көп. Сондықтан әр уақытта Қазақстанның күш-қуаты әрқалай болды. Мәселен, Қасым xан, Есім xандардың тұсында Қазақстан ұлы аймақтық держава дәрежесіне дейін көтерілген. Ресей империясы құрамында да әртүрлі кезеңдер болды. Сосын кеңестер кезінде Қазақстан дербес мемлекет болмаса да, ол мемлекеттің болғанын мойындауымыз қажет», — деді А.Агеев.

Оның айтуынша, зерттеудің он көрсеткіші бойынша 1981 жылы Қазақстан кеңестер құрамында болса да, аймақтағы ықпалды мемлекетке айналған.

«Ал 91-ші жылы басқалармен бірге оның дәрежесі күрт төмендеп кетті. Мына жерде Қазақстанның перифириялық мемлекет болғаны жайында айтып жатыр. Мен өзім бұл пікірмен келіспеймін. Себебі ол кеңестер құрамындағы оқ бойы озық елдердің бірі еді. Иә, Байқоңыр, уран және тағы басқа сирек металдар полигондары Мәскеудің қарамағында болды. Дегенмен, 91-ші жылдарға дейін Қазақстан жетекші өндірістік-аграрлық мемлекет болып қалыптаса білді. Енді, қазіргі уақытпен салыстырғанда, сіздер барлық факторлар бойынша үлкен прогресс жасадыңыздар. Бұның бәрі — тамаша жетістік», — деп атап көрсетті ресейлік маман.

Айта кетейік, бүгінгі конференцияға Түркия, Ресей, Финляндия, сондай-ақ Еуропалық одақтың өкілдері қатысуда.

 

Дереккөзі: "Егемен Қазақстан" газеті

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар