Қазақстанның жас көшбасшылары Екатеринбургтегі Дүниежүзілік жастар фестивалінде халықаралық атом күн тәртібімен танысты

Қазақстанның жас көшбасшылары Екатеринбургтегі Дүниежүзілік жастар фестивалінде халықаралық атом күн тәртібімен танысты

Президент бастамасымен өткен іс-шарада қазақстандық жастар кәсіби болашақ, жаңа құзыреттер және халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы пікірталастарға қатысты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

11-17 қыркүйек аралығында Екатеринбург қаласында 191 елден келген жас көшбасшылардың басын қосқан Дүниежүзілік жастар фестивалі өтті. Оған Қазақстанның түрлі кәсіби салалары мен бағыттарын таныстыратын 35 жасқа дейінгі жас мамандар мен көшбасшылардан құралған делегация қатысты.

Ресей Президентінің бастамасымен ұйымдастырылған фестиваль жастардың өзара қарым-қатынасы, кәсіби және мәдени алмасуы үшін халықаралық алаңға айналды. Бағдарламаның негізгі тақырыптары білім беру, мансаптық даму, халықаралық ынтымақтастық, технологиялар және алдағы онжылдықтардағы кәсіби ортаны айқындайтын құзыреттерді қалыптастыру мәселелерін қамтыды.

Фестивальдің бас серіктестерінің бірі «Росатом» болды. Корпорация жас қатысушылар үшін кәсіби даму, білім беру, ғылыми технологиялар және халықаралық жастар ынтымақтастығына арналған арнайы бағдарлама ұсынды.

Қазақстандық делегация үшін бұл фестивальдің жалпы бағдарламасына қатысумен қатар, ашық диалог, білім беру жобалары және халықаралық жастар бастамалары арқылы атом саласымен танысуға мүмкіндік берді.

Болашақ дағдылардан кәсіби траекторияға дейін

Адами капитал тақырыбы «Росатом» бағдарламасының негізгі бағыттарының біріне айналды. МГИМО-ның «Болашақ дағдылары: галстуксыз диалог» атты интерактивті сессиясында түрлі елдердің жас қатысушылары мен сарапшылары дипломатия, бизнес, технология, білім беру және халықаралық қатынастар салаларында сұранысқа ие болып келе жатқан құзыреттерді талқылады.

Сессия спикерлерінің бірі «Росатом» мемлекеттік корпорациясының персонал жөніндегі бас директорының орынбасары Татьяна Терентьева болды.

«Қазіргі әлемде жасанды интеллектіні команданың бір бөлігі ретінде басқара білу, машиналық сараптаманы пайдалану және сонымен қатар сыни ойлау сияқты бірегей адами құзыреттерді дамыту қажет. Сондай-ақ цифрлық технологиялар білімін белгілі бір пәндік саладағы сараптамамен ұштастыру маңызды», – деп атап өтті Татьяна Терентьева.

Пікірталас қорытындысы бойынша қатысушылар цифрлық платформа көмегімен болашақ көшбасшысының құзыреттері туралы өз түсініктерін көрсететін ортақ «дағдылар бұлтын» қалыптастырды.

Атом саласы -  халықаралық жастар диалогының кеңістігі

«Росатом» бағдарламасының жеке бөлімі жас мамандардың атом саласын дамытуға және халықаралық технологиялық ынтымақтастыққа қалай қатыса алатынына арналды.

Фестивальде 2025 жылы 33 елден келген 100 жас сарапшы әзірлеген Атом ынтымақтастығы жөніндегі жастар декларациясы таныстырылды. Бір жылдың ішінде бұл құжатты әлем бойынша 5000-нан астам адам қолдаған.

Декларация авторлары халықаралық ынтымақтастықтың жеті қағидатын ұсынды. Олар ядролық қауіпсіздік пен білімге тең қолжетімділіктен бастап, жастар көшбасшылығы, үздіксіз даму және өзара сенімге дейінгі бағыттарды қамтиды.

Ашық ATOM-talks форматында түрлі елдердің жас мамандары өздерінің кәсіби жолы, халықаралық жобалары және атом технологиялары, ғылым, экология, білім беру мен цифрландыру тоғысындағы жұмыстары туралы әңгімеледі.

Қатысушыларға арнаған сөзінде Татьяна Терентьева атом саласын дамыту жаңа буын мамандарының қатысуынсыз мүмкін емес екенін атап өтті.

«Атом ынтымақтастығы жөніндегі жастар декларациясы жастардың тұрақты болашақты қалыптастыру кезінде басшылыққа алатын ортақ қағидаттарын көрсетеді. Атом саласы үшін бұл құжаттың маңызы ерекше: атом энергетикасының дамуы тек технологияларға ғана емес, адамдарға – олардың дарынына, жауапкершілігіне және бір-бірін тыңдауға деген дайындығына байланысты. Біздің міндетіміз – жас мамандарға кәсіби жол ашу, олардың көшбасшылық қабілетін қолдау және олардың дауысының жаһандық атом қауымдастығында тең дәрежеде естілуін қамтамасыз ету. Жастар – атом энергетикасының қауіпсіз әрі бейбіт болашағының сенімді тірегі», – деді Татьяна Терентьева.

Білім мен тағылымдамадан халықаралық жобаларға дейін

Қатысушылар кәсіби дамудың практикалық қырларын «Обнинск Тех» жобасының алаңында көре алды. Бұл – «Росатом» мен Ресейдің жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірлескен бастамасы.

Фестиваль аясында жоба ғылыми-көпшілік, білім беру және мансаптық бағыттарды қамтитын жеті іс-шара өткізді. Жас қатысушыларға маусымдық мектептер, тағылымдамалар, өндірістік практикалар, техникалық турлар және желілік білім беру бағдарламалары, сондай-ақ жеке білім беру және кәсіби траекторияны қалыптастыру мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

Осылайша, фестивальде атом саласымен танысу технологиялар туралы ақпаратпен ғана шектелмеді. Жас қатысушылар нақты білім беру бағыттарын, кәсіби даму мүмкіндіктерін және халықаралық ынтымақтастық форматтарын көре алды.

Жастар атом энергетикасының болашағы туралы түсінік қалыптастыруда

Жастардың қатысуына арналған тағы бір алаң халықаралық «Атом 2050» жобасы болды. Фестивальде болашақ халықаралық команданың қатысушыларын алғашқы іріктеу өтті: финалға түрлі елдерден он жас іріктеліп, нәтижесінде бес мемлекеттің алты өкілі жоба командасының құрамына енді. Тағы 94 қатысушы 2027 жылы таңдалады.

Жоба әртүрлі елдерден 100 жасты ғалымдармен, инженерлермен, сарапшылармен және стратегиялық даму мамандарымен біріктіреді. Олар бірлесіп 2050 жылға қарай әлемнің қандай болуы мүмкін екенін және оның дамуында атом және онымен сабақтас технологиялар қандай рөл атқаратынын зерттейді.

Қазақстандық қатысушылар үшін фестиваль цифрлық технологиялар мен білім беруден бастап атом энергетикасы мен ғылыми зерттеулерге дейінгі бірнеше бағыт бойынша халықаралық кәсіби диалогқа қосылуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар фестиваль бағдарламасы қазіргі атом саласына дәстүрлі инженерлік бағыттардағы мамандармен қатар, басқа да салалардағы кадрлардың қажет екенін көрсетті. Алаңдарда цифрландыру, жасанды интеллект, экология, халықаралық қатынастар, білім беру және атом әрі онымен сабақтас технологияларды дамытуға қатысты басқа да құзыреттер талқыланды.

Екатеринбургтегі жеті күн қазақстандық жастар үшін кәсіби және мәдени алмасу, жаңа байланыстар орнату және халықаралық ынтымақтастық кеңістігіне айналды. Қатысушылар өз тәжірибелерін таныстырып, түрлі елдерден келген әріптестерінің жобаларымен танысып, халықаралық ғылыми-технологиялық күн тәртібі аясында одан әрі даму мүмкіндіктері туралы түсінік алды.

Дүниежүзілік жастар фестивалі 2026 жылғы 11-17 қыркүйек аралығында Екатеринбург қаласында өтті.