Қазақстанның АҚШ активтеріндегі қаржысы 60 млрд долларға жуықтады

Қазақстанның АҚШ активтеріндегі қаржысы 60 млрд долларға жуықтады
Фото: ЖИ

Қазақстан Ұлттық банкі басқаратын қаражаттың шамамен 60 млрд доллары АҚШ-тың қаржы нарығына орналастырылған. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Вашингтонда өткен Қазақстан-Америка бизнес дөңгелек үстелінде мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Finmentor.kz мәліметінше, кездесу 9 қарашада G20 елдерінің іскерлік алаңы саналатын B20 саммиті аясында ұйымдастырылған.

Тимур Сүлейменовтің сөзінше, бүгінде Ұлттық банктің басқаруындағы активтердің жалпы көлемі шамамен 120 млрд долларға жетеді. Соның тең жартысына жуығы америкалық қаржы құралдарына салынған.

Ұлттық банк басшысы Қазақстанның АҚШ экономикасына бағыттаған жиынтық инвестициясы шамамен 77 млрд доллар екенін де атап өтті. Қаражаттың басым бөлігі бағалы қағаздарға тиесілі.

Бұған дейін Ұлттық банк халықаралық резервтердегі алтынның үлесін 75 пайыздан төмендетуді жоспарлап отырғаны хабарланған еді.