Қазақ эстрадасының танымал әншісі Мақпал Жүнісова Атхамбек Юлдашевтің өзіне көрсеткен ерекше құрметін еске алып, өнер иесіне алғысын білдірді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мақпал Жүнісова екеуінің арасындағы сыйластықтың бұрыннан қалыптасқанын айтып, Атхамбек Юлдашевтің өзіне жасаған жақсылықтарын ұмытпағанын жеткізді.
Әншінің сөзінше, Атхамбек Юлдашев бір кездері оның концертіне келіп, көрермендерге гүл таратқан. Бұл әрекетке куә болған тыңдармандар да ерекше ықыласын білдірген.
"Көрермендеріме келіп гүл таратып едіңіз. Солар «Атхамбек сізді қалай жақсы көреді» деп тамсанған. Біз сізді қатты сыйлаймыз. Осы жерге шақырту алғанда еш ойланбастан барамын дедім. Бәрі есімде. Сахнада қолыма келіп алтын браслет таққаныңыз да есімде", – деді Мақпал Жүнісова.
Өнер иесі сахнада өзіне алтын білезік сыйлаған сәттің де есінде ерекше сақталғанын айтты.
Мақпал Жүнісова Атхамбек Юлдашевтің шақыртуын еш ойланбастан қабылдағанын айтып, мұның басты себебі арадағы құрмет пен сыйластық екенін жеткізді.
Өз кезегінде Атхамбек Юлдашев те әншіге деген ықыласын жасырмады. Ол Мақпал Жүнісованың шығармашылығын жоғары бағалайтынын айтып, оның өнеріне бас иетінін білдірді.