Қазақстан қараша айында Тәжікстанға 20 мың тонна АИ-92 маркалы бензин экспорттауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенжанов мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Министрдің айтуынша, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға сапары кезінде екі елдің энергетика министрліктері мұнай өнімдерін жеткізу туралы келісімге қол қойған. Енді қазақстандық бензинді экспорттау үшін екі елдің коммерциялық ұйымдары логистика мен басқа да ұйымдастыру мәселелерін пысықтауы керек.
Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін Тәжікстанға жанармай жеткізу басталмақ.