ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "СБЗҰҒО" ЖШС Сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, бүгін Астана уақытымен сағат 18:44:11-де ел аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
- Жерасты дүмпуі 41.310 с.е., 72.690 ш.б. координатасы бойынша тіркелді.
Бұл Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 408 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағының маңы болады.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13,1, магнитудасы - MPV 5,9.
Есептік қарқындылық 2 балл мына елдімекен тұрғындарына сезілді:
- Жамбыл облысының Мерке, Құлан, Тараз, Сарыкемер, Бауыржан Момышұлы, Аса, Қордай, Шу, Қаратау, Төле би елдімекендерінде;
- сондай-ақ Түркістан облысының Тұрар Рысқұлов, Ленгер, Манкент, Сайрам, Ақсукент, Қазығұрт, Сарыағаш, Абай, Темірлан ауылдарында;
- Шымкент қаласында.
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.
Айта кетсек, 2025 жылы 23 шілдеде Астана уақытымен 15:37-де Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Оның магнитудасы 4 балды құрады. Ал шілденің басында оңтүстікте тағы жер сілкінген, мәселен сол кезде Құлан ауданында 6 балл тіркелді.