Жамбыл облысындағы жер сілкінісі: әкімдік мәлімдеме жасады

Сағыныш Сардарова 08 шіл. 2025 16:36

Жамбыл облысындағы жер сілкінісіне байланысты өңір әкімдігі мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 334 шақырым қашықта, Қазақстан аумағында орналасқан.
 
Жер сілкінісі былай сезілген: Құлан – 6 балл, Меркі – 5 балл, Шу – 3 балл, Сарыкемер – 3 балл, Төле би – 3 балл, Тараз – 3 балл, Аса – 2 балл, Мойынқұм – 2 балл, Қордай – 2 балл, Б. Момышұлы – 2 балл, Қаратау – 2 балл, Т. Рысқұлов – 2 балл.
"Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат тіркелген жоқ.  Жағдай облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің жеке бақылауында. Оқиға бойынша ТЖМ командалық орталығының базасында жедел штаб құрылды. Өңір тұрғындарын сабырлық сақтауға және тек ресми ақпараттарға сенуге шақырамыз", - деп жазылған хабарламада.
Байланыс және көмек үшін жедел желі ашылды:
  • ҚР ТЖМ командалық орталығы - 87172-55-96-21
  • Жамбыл облысы ТЖД 8-7262-51-41-67.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар