22 қаңтарда қолайсыз ауа райына байланысты Қазақстанның екі өңірінде республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген бөліктерінде жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы АҚ-ның хабарлауынша, сағат 14:30-дан бастап бірқатар учаскеде жүк автокөліктерінің жүруіне тыйым салынды.
Жамбыл облысында
РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы бағытымен өтетін автожолдың 534–593 шақырым аралығы (Айша бибі елді мекенінен Түркістан облысының шекарасына дейін) жабылды.
Түркістан облысында
Осы бағыттағы автожолдың 593–654 шақырым аралығына (Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейін) уақытша шектеу қойылды.
Жол қозғалысына қатысушыларға сапарды алдын ала жоспарлап, ауа райы мен жол ахуалын ескеріп, балама бағыттарды пайдалануға кеңес беріледі.
