Қазақстанның бұрынғы көлік прокурорына іздеу жарияланды

Көркем Алдабергенова 05 қыр. 2025 16:14

Алматы қалалық полиция департаменті бұрынғы көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматыда Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды. Оған бірнеше рет пара алу және қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңдастыру айыптары тағылып отыр. Бұл туралы Алматы прокуратурасы BES.media сауалына берген жауабында хабарлаған.

Қазір Бас прокуратура Қылмыстық кодекстің 366-бабы, 3-бөлімі, 4-тармағы («Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаның бірнеше рет пара алуы») және 218-бабы, 3-бөлімі («Қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру») бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Розыскная карта

Мақсат Дүйсенов 1973 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан облысы) дүниеге келген. Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ішкі қауіпсіздік басқармасын басқарған, сондай-ақ Ұлттық бюро басшысының орынбасары болған. 2018 жылы ол бас көлік прокурорының бірінші орынбасары, кейін Қазақстан көлік прокуратурасының басшысы қызметін атқарды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар