Қазақстандықтар жұмыс іздеуге қанша уақыт жұмсайды?

Қазақстандықтар жұмыс іздеуге қанша уақыт жұмсайды?
ашық дереккөз

Қазақстандағы жұмыссыздардың жартысынан астамы, яғни 53 пайызы үш айға жетпей жұмыс табады. Тағы 21 пайызы жұмыс іздеуге алты айға дейін уақыт жұмсайды. Ал жұмыс іздеушілердің дәл осындай үлесі 30 күнге жетпей жұмысқа орналасады. Ең аз бөлігі лайықты жұмыс табу үшін бір жыл немесе одан да көп уақытын жоғалтады. Мұндай деректі Ranking сарапшылары жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сарапшылардың қорытындысына сәйкес адам неғұрлым ұзақ уақыт жұмыссыз жүрсе, оның еңбек нарығына қайта оралуы соғұрлым қиындай түседі.

Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі тұрақты түрде 4,5 пайыз шамасында сақталып отыр. Көбіне адамдар жұмыстан өз еркімен кетеді. Мамандардың шамамен 17 пайызы қысқартуға ұшырағандықтан немесе еңбек шартының мерзімі аяқталғандықтан жұмыссыз қалған.

Кейбіреулер шағын қалаларда лайықты жалақысы бар жұмыс табу мүмкін емес екенін айтады. Сондықтан көпшілігі Астана, Алматы және Шымкент сияқты ірі қалаларда жұмыс істеуге ұмтылады.