Алматы облысы аумағында тауға шығып тоңып қалған туристер құтқарылды

Алматы облысы аумағында тауға шығып тоңып қалған туристер құтқарылды
видео кадры

Алматы облысында құтқарушылар тауда тоңып қалған екі туриске көмектесті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қарасай ауданында, "Терра" алаңы маңында, теңіз деңгейінен 2600 метр биікте Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары екі туриске көмектесті.

2003 және 2004 жылы туған екі адам тауға көтерілген. Алайда ауа температурасы төмендеуіне байланысты тоңып, өздігінен төмен түсе алмаған.

Құтқарушылар екі туристі аман-есен экологиялық бекетке дейін жеткізді. Медициналық көмек қажет болмағандықтан, олар үйлеріне өздігінен қайтты.