Астана – Тараз бағытындағы рейсте 38 жастағы Ресей азаматының қан қысымы көтеріліп, жағдайы нашарлаған. Оған ұшақ бортында Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазанов көмек көрсеткен, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оқиға куәгерлері түсірген видео әлеуметтік желіде тарады. Жолаушының әлсіздік, жүрек айну және тыныс алудың қиындауы сияқты белгілері болған. Сол сәтте бортта басқа медицина қызметкерлері болмаған.
Дәрігер мамандығы бар Манас Рамазанов әйелдің қан қысымын өлшеп, қажетті медициналық көмек көрсеткен. Соның нәтижесінде жолаушының жағдайы жақсарған. Ұшақ қонғанға дейін вице-министр жедел жәрдем шақыртып, әуежайға жеткен соң әйелді медицина қызметкерлеріне тапсырған.