Freedom Inside '26

Қазақстандық музыкант Netflix сериалында домбыра мен қобыздың үнін жаңғыртты

Қазақстандық музыкант Netflix сериалында домбыра мен қобыздың үнін жаңғыртты
instagram.com/dana_zulpykhar

Қазақстандық музыкант әрі композитор Дана Зұлпыхар Netflix платформасында шығатын «Аватар: Аанг туралы аңыз» сериалының екінші маусымының саундтрек командасына қосылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Өнер иесінің арқасында әлемге танымал фэнтези сериалында қазақтың ұлттық аспаптары – домбыра мен қобыздың үні естілетін болады.

Бұл туралы Дана Зұлпыхар Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

«Netflix сериалы үшін домбыра мен қобызды жазу – мен үшін үлкен мәртебе», – деп жазды музыкант.

Дана Зұлпыхар қазір АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында тұрып, шығармашылық қызметін жалғастырып келеді. Ол киноға арналған музыка жазумен айналысады және авторлық әндерін шығарады.

Айта кетейік, «Аватар: Аанг туралы аңыз» сериалының екінші маусымы жақын уақытта Netflix платформасында көрерменге жол тартады.