Беларусь астанасы Минскіде жол полициясы әлеуметтік желідегі шағымдардан кейін Қазақстан азаматшасын әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оқиғаға әлеуметтік желілерде тараған кадрлар себеп болған. Желі қолданушылары қазақстандық нөмір таққан жол талғамайтын көліктің метроның «Академия наук» станциясы маңындағы кітап дүкенінің жанында тротуарға қойылғанына назар аударған.
Куәгерлердің айтуынша, кейін жүргізуші көлікті тротуармен жүргізіп кеткен.
Минск мемлекеттік автоинспекциясының мәліметінше, тәртіп сақшылары жүргізушінің жеке басын жедел анықтаған. Ол 32 жастағы Қазақстан азаматы болып шыққан.
Полиция тек тротуардағы тұрақпен шектелмей, осы көліктің сауда орталығы жанындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орынға да қойылғаны туралы ақпарат алған.
Сонымен қатар тағы бір құқық бұзушылық анықталған.
«Әйел көлік қозғалысы кезінде екі жасар баланы алдыңғы жолаушылар орындығында арнайы балаларға арналған құрылғысыз тасымалдаған», – деп хабарлады Минск мемлекеттік автоинспекциясы.
Аталған құқық бұзушылықтар үшін әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды.