Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Сағыныш Сардарова 12 нау. 2026 13:42

Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда 11 күн демалады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

19-29 наурыз аралығында оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады.

"Демалыстың әр күні "Наурызнама" онкүндігімен үйлесім тауып, отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге арналады. Оқушылар "Таза Қазақстан", "Еңбек адамы" және "Заң мен тәртіп" бағыттарындағы танымдық жобаларға қатысады, сондай-ақ, дәстүрлі "Жер сағаты" акциясына атсалысып, азаматтық ұстанымын білдіреді", - деп жазылған министрлік хабарламасында.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында да бірқатар іс-шара жоспарланып отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove