Freedom Inside '26

Қазақстандық оқушылар әлемдегі ең күрделі әрі беделді олимпиадада үздіктер қатарынан көрінді

Қазақстандық оқушылар әлемдегі ең күрделі әрі беделді олимпиадада үздіктер қатарынан көрінді
Астана әкімдігі

Елордалық оқушылар Ресейде өткен олимпиадада үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында химия пәнінен 60-шы халықаралық Менделеев олимпиадасы (IMChO-2026) өтті. Беделді зияткерлік додаға Қазақстан құрамасы да қатысып, үздіктер қатарынан көрінді.

Халықаралық беделді додада елордалық оқушылар жоғары нәтиже көрсетті:

  • Меңдіғали Қалдыбай (Spectrum International School) күміс медаль;
  • Әбдіжан Ибраимов (NURORDA мектеп-лицейі) қола медаль иеленді.

Айта кетейік, Менделеев олимпиадасы – химия пәні бойынша әлемдегі ең күрделі әрі беделді олимпиадалардың бірі, ол - түрлі елдің ең мықты оқушыларының басын қосатын зияткерлік алаң.