Қазақстандағы бір жолды қайта жаңғыртуға 500 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ақтөбе облысында ұзындығы 262 шақырым болатын Ақтөбе - Қарабұтақ - Ұлғайсын тасжолын ауқымды қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.
Жобаның құны - 496,3 миллиард теңге. Жолдың алғашқы 28 шақырымы пайдалануға берілді.
Алайда жұмыстың сапасына қатысты сұрақтар да туындап отыр. Тексеріс нәтижесінде жол құрылысына пайдаланылған материалдардың 1 200-ден аса сынамасының 11 пайызы белгіленген талаптарға сай келмейтіні анықталған.
Премьер-министрге жол жабынын сақтау үшін көліктердің салмағын бақылау күшейтілгені баяндалды. Есепті кезеңде шамамен 4,3 мың заңбұзушылық анықталған. Бұл былтырмен салыстырғанда 20 пайызға көп.