Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы курорттар мен шипажайлардың меншік иесі туралы ақпарат ұсынды, - деп хабарлайды Dalanews.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанда 300-ден аса курорт пен шипажай бар, соның ішінде:
- 288 ұйым (86,5 пайыз) - жекеменшік,
- 44 ұйым (13,2 пайыз) - мемлекеттік,
- 1 ұйым (0,3 пайыз) - шетелдік меншікке тиесілі.
Ең көп мемлекеттік шипажай Қызылорда облысы мен Алматыда орналасқан.
Жекеменшік нысандар бойынша Түркістан облысы мен Шымкент көш бастап тұр. Жалғыз шетелдік санаторий Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан. 41 шипажай жеке кәсіпкер ретінде тіркелген.
Айта кетейік, 2024 жылдың соңында Туризм және спорт министрлігі Қазақстанда жаңа курорттар пайда болатынын хабарлаған болатын.