Аталған форум Қазақстандағы полиция реформасын қолдау жөніндегі ЕҚЫҰ /Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы/ жобасының бір бөлігі болып табылады. Басты тақырыбы- елімізде сервистік полиция құрудың ерекшеліктері және Қазақстанда орнықты және қауіпсіз қоғамдастықтар құру үшін мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастық пен азаматтардың күш-жігерін біріктіру. Форум жұмысын Ішкі істер министрі, полиция генера-лейтенанты Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев ашып, қатысушыларға құттықтау сөзін жолдады.
Жиында сондай-ақ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдері, қазақстандық ішкі істер саласының өкілдері баяндама жасап, сервистік полиция реформасының қыр-сырына тоқталды. Түрлі ұсыныстар мен сараптамалық ойлар айтылды. Ал, Мақан Есболатов атындағы Академияның бастығы, полиция полковнигі Айдар Мұтәлікұлы Сайтбеков «Қазіргі таңдағы полицияның сервистік моделіне көшудегі өзектілік» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада «Әлемдік тәжірибеде сервистік полицияны құрудағы негізгі мақсат – ол алдын-ала қылмысты ескерту және зерттеу, қоғамдық тәртіпті бақылау, сондай-ақ қылмысты ашудан бұрын оның алдын алу, азаматтардың полицияға айтқан өтініштері бойынша оларға көмек көрсету, қылмысты құрықтаудан бұрын, оның алдын алу маңызды» дей келе менеджмент кадрларын даярлаудың шетелдік оның ішінде
Ұлыбритания, Ресей Федерациясы сынды мемлекеттердің тәжірибесін зерделеп, ІІМ Алматы Академиясында 2021 жылдың 29-наурызынан бастап, ІІО ның басшы құрамдарын даярлауға арналған №1 факультет негізінде жоғары шенді басшы құрам мен №2 орта басшы құрамды оқытатын 3-ай мерзімге арналған күндізгі оқу нысанымен басқару кадрларын даярлаудағы басым бағыттардың бірі – қоғаммен жұмыс істеу тәсілдерін үйретуге басым бағытта көңіл бөлінгенін және бұл жұмыстардың алдағы уақытта да жалғаса беретінін айтты. Халықаралық деңгейде өтіп жатқан форум «Сервистік полиция моделі» тұжырымдамасының басты идеясы негізінде – қоғаммен ашық серіктестік қатынастарды құру, адамдардың қажеттілік құндылықтарына назар аудару секілді мәселелерге де назар аударды.
Форум жұмысы әлі жалғасуда. Ол аяқталған соң тиісті қарар қабылданады деп күтілуде.